Бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары
Андреева Алла Владимировна
Білімі: жоғары педагогикалық.
Педагогикалық еңбек өтілі: 28 жыл.
Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші, екінші санатты директордың орынбасары.
Теміртау қаласының «Қыздар гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру жұмыстарына басшылық жасайды және үйлестіреді.
Қызметінің негізгі мақсаты – білім алушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауына, жеке қабілеттерін дамытуына және кәсіби таңдау жасауға дайындығын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау.