«Дені саудың – жаны сау» дене шынықтыру апталығының V күні ерекше әсерге толы болды.
Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде өткен «Дені саудың – жаны сау» дене шынықтыру апталығының V күні ерекше әсерге толы болды.
Бұл күні 10–11 сынып оқушылары арасында волейболдан тартысты жарыс ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара мықтыны анықтап, ойын барысында шапшандықтары мен ептіліктерін, командалық бірліктерін көрсете білді. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Апталықтың жабылуына орай саптық жиын өткізіліп, бір апта бойы өткен іс-шаралар қорытындыланды. Белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталып, арнайы дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.
Спорттық апталық оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып, ұйымшылдық пен достықты нығайта түсті.