back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
19 қарашада мектебімізде «Қалдырған ізің мәңгілік» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
19-11-2026 18:38
19 қарашада мектебімізде «Қалдырған ізің мәңгілік» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
*«Қалдырған ізің мәңгілік»*
 
19 қарашада мектебімізде «Қалдырған ізің мәңгілік» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
 
Конференцияның мақсаты — мектептің 110 жылдық тарихын насихаттау, Сәкеннің ұстаздық және ақындық мұрасын жас ұрпаққа жеткізу арқылы оқушылардың өлкетануға, зерттеу жұмысына деген қызығушылығын арттыру және ұрпақ сабақтастығын нығайту.
 
Іс-шара ескерткіш алдындағы салтанатты жиыннан басталды. Мәжіліс залында сәкентанушылар мен қонақтардың баяндамалары, ұстаздар мен оқушылардың зерттеу жұмыстары тыңдалып, қорытынды жасалды.
 
Конференцияға Нұра ауданының білім бөлімінің басшысы Такишев Дархан Жанболатович және әдіскер Касенова Гүлназ Байболовна, ҚР Мәдениет қайраткері, сәкентанушы Оспан Сүлейменов, Сәкен Сейфуллин музейінің алғашқы директоры Асылбекова Роза Иманғалиқызы, Сәкеннің нағашы қарындасы Әбіш Асылгүл Рақымжанқызы, түріктану магистрі, PhD докторант Тоқторбаева Алуа Букумбайқызы, музей әдіскері Азамат Серікұлы және музей қызметкерлері Раушан Аманқұлқызы, Қарлығаш Бекқалиқызы, Гүлфариза Орынбекқызы, Айман Серікқызы қатысты.
 
Сәкеннің ізі — мәңгілік. Оның ашқан мектебі 110 жыл бойы ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келеді.
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#Сейфуллинмектебі
#АдалАзамат
#біртұтас_тәрбие
Новости