Медициналық бейіндік сынып
Медициналық бейіндік сынып
2026 жылғы 11 қараша күні КГУ «Общеобразовательная школа имени С.Сейфуллина» мектебінің медициналық бейіндік сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бағытында танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушылар медицина саласының ерекшеліктерімен, медициналық мамандықтардың түрлерімен және болашақта осы бағытта білім алу мүмкіндіктерімен танысты.
Іс-шара барысында оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары туралы түсіндіріліп, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар медицина саласындағы мамандықтардың маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы айтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау және алғашқы көмек көрсету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу оқушылар үшін пайдалы әрі қызықты болды. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандықтары туралы ойларын кеңейтті.
#МедициналықБейіндікСынып
#КәсіптікБағдар
#АлғашқыКөмек
#СейфуллинаМектебі
#БолашақМамандық