back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мектебіміз биыл 110 жылдық мерейтойын атап өтті!
20-11-2026 18:40
Мектебіміз биыл 110 жылдық мерейтойын атап өтті!
Тарихы тереңнен тамыр тартқан, ұлт руханиятының көрнекті өкілі Сәкен Сейфуллин есімімен тығыз байланысты мектебіміз биыл 110 жылдық мерейтойын атап өтті!
 
Тарихы тағылымға, өткені өнегеге толы мерейтой аясында мектебіміздің төрінде мазмұнды ғылыми конференция ұйымдастырылды. Тағылымды шарамызға білім бөлімі басшылары, Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин музейінің қызметкерлері, белгілі ғалымдар, ұлағатты ұстаздар мен Сәкентанушылар арнайы келіп, мерейтойымыздың мәртебесін арттырды.
 
Кездесу барысында Сәкен мұрасы, оның ұлт тарихындағы орны, ағартушылық қызметі мен рухани құндылықтары кеңінен талқыланып, ғылыми ой-пікірлер ортаға салынды. Бұл – өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа аманат етер құнды басқосу болды.
 
???? Сонымен қатар мерейтойымызды «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасымен ұштастырып, ағаш отырғызу рәсімін өткіздік. Өйткені тарихы терең мектептің болашағы да жасыл желекке бөленіп, жас ұрпаққа көркейген орта қалдырудан басталады.
Мерейтойымызға арнайы ат басын бұрып, ортақ қуанышымызға ортақтасқан барша қонақтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
 
Сәкен рухы – ұрпаққа аманат,
110 жылдық тарих – болашаққа бағдар! ????
Жаңалықтар