Мектебімізде «Ардагерлерді ардақтайық» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
Ұрпақтар сабақтастығын жалғап, өткенге құрмет көрсету – әрбіріміздің парызымыз. Осы орайда мектебімізде «Ардагерлерді ардақтайық» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында ардақты ардагерлеріміз өз өмір жолдарымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтып, елге қызмет етудің маңыздылығын түсіндірді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, шынайы сұхбат өрбіді.
Бұл іс-шара – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейтін маңызды қадам болды.
Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Ерліктеріңіз – мәңгілік өнеге!
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy