4-сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға көшу кезеңіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілді
4-сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға көшу кезеңіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Аталған бағытта арнайы «Сабақтастық жол картасы» негізінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жоспарға сәйкес мектеп психологы Ишанкулова Л.А. оқушылардың жаңа оқу кезеңіне психологиялық тұрғыдан дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі тренингтер өткізді. Тренинг барысында оқушылардың бейімделу дағдыларын дамыту, өзін-өзі сенімді ұстау, жаңа ортаға тез үйрену қабілеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, пән мұғалімдері тарапынан бақылау сабақтары ұйымдастырылып, оқушылардың білім деңгейі мен оқу дағдылары сараланды. Бұл жұмыстар орта буынға көшу барысында туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Ата-аналармен де жүйелі түрде түсіндіру және кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Әңгімелесу барысында ата-аналарға баланың жаңа оқу кезеңіне бейімделу ерекшеліктері түсіндіріліп, қолдау көрсету жолдары ұсынылды.
Бастауыш және орта буын мұғалімдері арасында тығыз сабақтастық байланыстар орнатылып, оқу бағдарламалары мен талаптар бойынша өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылды.
Қорытынды:
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 4-сынып оқушыларының орта буынға көшуіне қолайлы жағдай жасалып, олардың психологиялық және оқу тұрғысынан бейімделуіне оң әсерін тигізді. Алдағы уақытта да сабақтастық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру жоспарлануда.
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg