back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
« С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 2026 жылдың 18 -22 аралығында 10 сынып оқушыларымен оқу-дала жиынын өткізді.
22-05-2026 12:53
 « С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ   2026 жылдың 18 -22 аралығында  10 сынып оқушыларымен оқу-дала жиынын өткізді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту» туралы  бұйрығын орындау, жастарды Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштер қызметіне дайындау мақсатында , Қарағанды  облысы  білім  басқармасының  2026 жылғы 12 мамырдағы   № 299  және  Нұра ауданының білім  бөлімінің    14 мамырдағы № 290 бұйрығына  сәйкес  « С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ   2026 жылдың 18 -22 аралығында  10 сынып оқушыларымен оқу-дала жиынын өткізді. 
  Оқу-дала жиыны алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жоспарына сәйкес, практикалық дағдыларын дамыту және біліктіліктерін жетілдіру мақсатында  ұлдар арасында әскери істі оқып үйренуге, қыздар арасында   дәрігерлік-санитарлық, алғашқы көмек көрсетуге бағытталды.
Оқу-дала жиынын алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі У. Б. Нукушев, мектеп медбикесі А. Б. Каренкина үлкен жауапкешілікпен жоғары деңгейде өткізді.
 #Қарағандыоблысы 
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі 
 @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости