back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Балақайлар мектебі» жобасының 3-аптасының екінші күні
19-08-2026 10:27
 «Балақайлар мектебі» жобасының 3-аптасының екінші күні
Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектепте «Балақайлар мектебі» жобасының 3-аптасының екінші күнінде мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен танымдық бағыттағы жұмыстар ұйымдастырылды.
 
Күн барысында балалардың жас ерекшеліктеріне сай Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет, Математика және Қоршаған ортамен таныстыру бағыттары бойынша түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындар жүргізілді.
 
Сөйлеуді дамыту барысында балалардың сөздік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізу, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар орындалды. Суреттер бойынша әңгіме құрастырып, берілген сөздерді сөйлем ішінде қолдану жұмыстары жүргізілді.
 
Көркем әдебиет бөлімінде балаларға жас ерекшеліктеріне сәйкес көркем шығарма оқылып, оның мазмұны талқыланды. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беріп, шығарманың негізгі ойын түсінуге бағытталған сұрақтар қойылды.
 
Математика сабағында балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуға арналған тапсырмалар орындалды. Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндерді ажырату, кеңістікті бағдарлау және логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар ұйымдастырылды.
 
Қоршаған ортамен таныстыру барысында балалар табиғат, қоршаған орта, жануарлар мен өсімдіктер туралы білімдерін толықтырды. Табиғатты қорғау, тазалық сақтау және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау жөнінде түсініктер берілді.
 
Жүргізілген жұмыстар барысында балалар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Танымдық ойындар мен практикалық тапсырмалар арқылы олардың сөйлеу мәдениеті, ойлау қабілеті, есте сақтау, зейін қою, қарым-қатынас жасау және өздігінен жұмыс жасау дағдылары дамытылды.
 
«Балақайлар мектебі» жобасы балалардың мектепке бейімделуіне, танымдық белсенділігін арттыруға және оқу үдерісіне қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
#нұраауданыбілімбөлімі
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg
#Балақайлармектебі2026
Новости