«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында күзгі абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы өткізілуде
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында күзгі абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы өткізілуде. Айлық барысында мектеп аумағын көркейту, тазалық жұмыстарын жүргізу, ағаштарды күтіп-баптау және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Акцияға мектеп ұжымы белсенді қатысуда. Ортақ мақсат – туған өлкеміздің тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие
#ТазаҚазақстан
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg