«КҮЗГІ ҚИЯЛ» – ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ
«КҮЗГІ ҚИЯЛ» – ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ
Күз – табиғаттың ерекше әсемдікке бөленіп, сан алуан түске боялатын ғажайып мезгілі!
Мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау және табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында *«Күзгі қиял»* атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге оқушылар күзгі жапырақтардан, бүрлерден, тұқымдардан, бұтақтардан және басқа да табиғи материалдардан жасаған ерекше туындыларын ұсынды.
Әрбір жұмыс – оқушылардың шығармашылық ізденісі мен шеберлігінің көрінісі. Балалар табиғи материалдарды тиімді пайдалана отырып, өз қиялдарынан туған әсем бұйымдар мен қызықты композициялар жасады.
Көрмеге белсенді қатысқан барлық оқушыларға және олардың шығармашылығын қолд…