8–11 сынып оқушыларымен аудандық полиция бөлімінің қызметкері профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің 8–11 сынып оқушыларымен аудандық полиция бөлімінің қызметкері профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің кешкі сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүруіне жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Оқушыларға заң талаптарын сақтау, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау және тәртіпті болу жөнінде маңызды ескертулер айтылды.
Басты мақсат -жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру.
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg