8–11 сынып оқушыларына Бас прокуратураның ресми YouTube арнасында жарияланған «Один удар» атты әлеуметтік фильм көрсетілді.
Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын насихаттау, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8–11 сынып оқушыларына Бас прокуратураның ресми YouTube арнасында жарияланған «Один удар» атты әлеуметтік фильм көрсетілді.
Фильмді көрсету барысында оқушыларға адам өмірінің құндылығы, өзара сыйластық, зорлық-зомбылықтың салдары және әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.