back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Ясауи оқулары» — бірыңғай оқу күні сәтті өтті!
17-11-2026 11:26
«Ясауи оқулары» — бірыңғай оқу күні сәтті өтті!
«Ясауи оқулары» — бірыңғай оқу күні сәтті өтті! 
Бүгін кітапханамызда 1–4 сынып оқушыларының қатысуымен «Ясауи оқулары» бірыңғай оқу күні ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — бастауыш сынып оқушыларын ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің өнегелі өмірімен және даналық хикметтерімен таныстыру, балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Бірыңғай оқу күні аясында балғын оқырмандарымыз:
1. Ұлы бабамыздың балаларға түсінікті әрі тағылымды хикметтерін бірге оқып, мағынасын талқылады;
2. Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы туралы қызықты деректермен танысты;
3.Оқыған шығармаларынан түйген ойларымен бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Кітап оқу — баланың ой-өрісін кеңейтіп, бойына ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын сіңіретін басты құрал. Осындай танымдық оқу күндері жас оқырмандардың рухани мұраға деген қызығушылығын оятатыны сөзсіз.
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg
Жаңалықтар