2026 жылғы 18 қарашада С. Сейфуллин атындағы мектепте мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында «Балабақша – мектеп: бірліктегі қадам» тақырыбында практикаға бағытталған ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға мектепалды даярлық тәрбиеленушілері, бірінші сынып оқушылары, педагогтер мен ата-аналар қатысты. Ашық есік күні практикалық бекеттер, бірлескен ойындар және ата-аналарға арналған практикум қамтылған білім беру марафоны түрінде ұйымдастырылды. Іс-шара балалардың мектеп өмірімен жақынырақ танысуына, бірлескен әрекет тәжірибесін жинақтауына мүмкіндік берді.