Медициналық сыныпта «Қандағы қант деңгейін анықтау» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді
Медициналық сыныпта «Қандағы қант деңгейін анықтау» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді
Медициналық сынып оқушылары арасында «Қандағы қант деңгейін анықтау» тақырыбында танымдық-практикалық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты:оқушыларға қандағы қант (глюкоза) деңгейінің адам ағзасындағы маңызын түсіндіру, қант диабетінің алдын алу жолдарымен таныстыру және қандағы қант мөлшерін анықтау әдісін үйрету.
Сабақ барысында оқушылар қандағы глюкоза деңгейінің қалыпты көрсеткіштері, оның жоғарылауы мен төмендеуінің себептері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар глюкометр құрылғысымен танысып, оны қолдану тәртібін және қандағы қант деңгейін өлшеу кезеңдерін үйренді.
Практикалық бөлімде оқушылар медициналық құралдарды дұрыс пайдалану, гигиеналық талаптарды сақтау және қауіпсіздік ережелерін орындау дағдыларын меңгерді.