back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Менің мектебім — менің ұсынысым» тақырыбында кездесу өткізілді.
18-11-2026 18:36
«Менің мектебім — менің ұсынысым» тақырыбында кездесу өткізілді.
Мектебімізде оқушылардың мектеп өміріне белсенді араласуын қамтамасыз ету, олардың пікірлері мен бастамаларын қолдау мақсатында «Менің мектебім — менің ұсынысым» тақырыбында кездесу өткізілді.
 
Кездесу барысында оқушылар мектеп ортасын жақсарту, білім алу жағдайларын жетілдіру, мектептің тазалығы мен жайлылығын арттыру, демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру жөнінде өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
 
Оқушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған тың идеяларымен бөлісті. Сонымен қатар, әрбір оқушының ұсынысы маңызды екені және мектептің дамуына үлес қоса алатыны атап өтілді.
 
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және мектепті баршаға қолайлы ортаға айналдыру.
 
Біз бірге ойлаймыз, бірге ұсынамыз, бірге өзгертеміз!
 
Әр ұсыныс – мектептің жарқын болашағына жасалған қадам!
#ДүниежүзілікБалаларКүні2026
#ВсемирныйДеньРебёнка2026
@oqu_agartu_ministrligi
@_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие
#нұра_ауданы @bala_qorgau_uakili_krg
@bilimboliminura
Жаңалықтар