9-сынып оқушылары ББЖМ тапсыруда! Бүгін мектебіміздің 9-сынып оқушылары білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) аясында білімдерін сынақтан өткізуде.
ББЖМ-ның мақсаты – оқушылардың білім жетістіктерін анықтау, білім сапасын бағалау, оқу үдерісіндегі жетістіктер мен толықтыруды қажет ететін тұстарды айқындау және білім алушыларға қажетті қолдау бағыттарын белгілеу. Бұл – оқушылардың өз білім деңгейін саралап, алған білімдерін іс жүзінде көрсетуіне мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Құрметті 9-сынып оқушылары! Сіздерге сәттілік, жоғары нәтиже, сабырлылық пен өз білімдеріңізге сенімділік тілейміз! Әр сұраққа мұқият қарап, бар білгендеріңізді көрсетіңіздер!
Сіздерге сәттілік! Білімдеріңіз биік белестерге бастасын!
#Нұраауданыбілімбөлімі @takishevdarkhan