3-сыныпта «Заң алдындағы теңдік — әділдіктің негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты — оқушыларға заңның маңызын түсіндіру, барша адамның заң алдында тең екенін ұғындыру, әділдікке, адалдыққа және өз құқықтары мен міндеттерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, әділдік пен теңдік туралы пікір алмасты. Әртүрлі жағдаяттарды талқылау арқылы заңды сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу және жауапкершілікті сезіну керектігін түсінді.
Мұғалім: Исмагамбетова Т.С.
#Нұрa_білім_бөлімі
@takishevdarchan