back-image
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
«Алтын түлек»
09-11-2026 19:27
«Алтын түлек»

“ Ахмет Байтұрсынұлы ат. тірек мектебі(РО)” КММ
Бүгін мектебімізде кезекті саптық жиын өтті. Жиын барысында «Алтын түлек» жобасы аясында 10–11-сынып оқушыларына марапаттар табысталды. Оқушылардың жетістіктері мен белсенділіктері аталып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірілді. Сонымен қатар, күз мезгілінің әсемдігін, табиғаттың байлығы мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін паш еткен «Алтын күз» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар өз қолдарымен жасаған ерекше бұйымдары мен күзгі композицияларын ұсынды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың шығармашылығын шыңдап, еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, мектеп өмірін қызықты әрі мазмұнды ете түседі.
Барлық белсенді оқушыларға, жетекшілер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз! Жетістіктеріңіз арта берсін!
#Нұрабілімбөлімі
#takishevdarkhan

Жаңалықтар