16–20 ақпан аралығында «Дені саудың – жаны сау» атты дене шынықтыру апталығының ашылуына орай салтанатты саптық жиын өткізілді.
С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде 16–20 ақпан аралығында «Дені саудың – жаны сау» атты дене шынықтыру апталығының ашылуына орай салтанатты саптық жиын өткізілді.
Апталықтың алғашқы күні оқушылар арасында шахматтан сайыс өтіп, зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар «Мектептің спорт мақтанышы» атты ақпараттық стенд әзірленіп, «Баскетбол мергені» жарысы ұйымдастырылды.
Аталған шаралар оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
#Қарағандыоблысы
#Нұраауданыбілімбөлімі
#Денісаудың_жанысау
#дене_шынықтыру_апталығы
#Сейфуллинмектебі